Ақтөбеде көлік аударылып, жүргізуші мен жолаушы мерт болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара-Шымкент тасжолында көлікті басып озбақ болған жүргізуші рульге ие бола алмай, аударылды. Салдарынан өзі мен жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 2 қыркүйек күні сағат 19:00-де болды. «Chevrolet Aveo» маркалы көлік руліндегі жүргізуші Хромтау қаласынан Қарабұтақ ауылына бағып алып, алдындағы көлікті басып озбақ болды. Сол кезде қарсы бағытқа шығып кетіп, рульге ие бола алмай қалды. 38 жастағы жүргізуші көлігімен оң жаққа аударылып, салдарынан өзі және жолаушы көз жұмды.

«Сонымен бірге үш жолаушы Хромтау қаласының орталық ауруханасына жатқызылды. Оқиға бойынша «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Талдауға сүйенсек, барлық апаттың шамамен 40% қарама-қарсы жолаққа шығу кезінде тіркеледі», -дейді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.


Соңғы жаңалықтар