+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ақтөбеде көлік аударылып, жүргізуші көз жұмды

2021 жылғы 24 маусым 18:23
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде көлік аударылып, жүргізуші көз жұмды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы болып, 25 жастағы жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мумбайда қатты нөсер салдарынан үй құлап, жеті адам қаза тапты ШҚО тұрғындары жол бойынан жарылғыш зат салынған қапшықтар тауып алды Мадагаскар президентіне қастандықтың жолы кесілді

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Аралтөбе ауылы маңында жол-көлік оқиғасы болды. «LADA Priora» көлігінің 25 жастағы жүргізушісі Т.Жүргенов ауылы жағынан Қарабұтақ кенті бағытында қозғалып, жолдың оң жақ жиегіне аударылып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал 22 жастағы жолаушы Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, дәл осы бағыттағы тасжолда жүк және жеңіл көлік соқтығысып, үш адам көз жұмаған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT