Ақтөбеде көлік аударылып, бір жолаушы көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 27 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Жанындағы жолаушы ауруханаға көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі «Покровка-Жаңажол» бағытындағы жолда 27 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік аударылған. Салдарынан жүргізуші мен 28 жастағы жолаушы түрлі жарақатпен Мұғалжар аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Жолаушы алған жарақатынан келесі күні көз жұмды. Сараптама қорытындысы кезінде жүргізушінің орташа мас күйінде рульге отырғаны белгілі болды. Қазір Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

«Апта сайын мас жүргізуші, ереже бұзғандарды анықтау үшін түнгі рейдтер өткізіледі. Демалыс және мереке күндері патрульдік полиция күшейтілген тәртіпте қызмет атқарады. Жыл басынан бері облыста мас күйінде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасына тап болған екі дерек тіркелді. Сонымен бірге бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған 37 жүргізуші ұсталды», - деді Ақтөбе облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.


Соңғы жаңалықтар