Ақтөбеде көлік апатынан атасы мен немересі көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде көлік аударылып, атасы мен немересі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыстық маңызы бар «Покровка-Жаңажол» автожолының 30-шақырымында ВАЗ-2114» маркалы көлік аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөліктің 62 жастағы жүргізушісі мен оның 15 жастағы немересі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ал 18 жастағы немересі Кеңқияқ кентіндегі ауруханаға жатқызылды»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбеде 248 жол-көлік апаты болды. Барлығы 39 адам көз жұмып, 338 адам жаралынды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жол-көлік апатынан екі мектеп директоры көз жұмып, екеуі ауруханаға түсті.
Соңғы жаңалықтар