Ақтөбеде көлігімен суға батып кеткен жүргізуші қаза болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жүргізуші Қарақобда өзеніне түсіп кетіп, көлігімен батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ЗАЗ-Шанс» автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі, Қурайлы кентінің тұрғыны Алға ауданында жай жолмен жүріп, рульді басқара алмай қалды. Салдарынан Қарақобда өзеніне аударылып кеткен. Көлік ішіне су толып, жүргізуші қаза тапты«, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ырғыз өзеніне үш бала суға батып кетті.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 және 2018 жылдары туған үш бала үлкендердің назарынан тыс қалған. 4 және 5 жастағы қыз бала бір отбасынан болса, 4 жасар ұл екінші отбасының баласы.

Еске салсақ, биыл Ақтөбе өзендеріндегі қауіпті 220 орынға арнайы белгі орнатылады. Құтқару жасағы базасында 88 құтқарушы ерікті оқытылды. Оларға арнайы сертификат берілді. Олар жаз бойы өзен жағасында қауіпсіздікті қадағалайды. Сонымен бірге жыл сайын облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп балаларды жүзуге үйрету, құтқару тәсілдеріне машықтандыру қолға алынған. Барлығы 20 бассейнде 1200 бала суда жүзуді меңгерді.


Соңғы жаңалықтар