Ақтөбеде қоқыс полигоны жанып жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде қоқыс полигонынан тағы да өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы жалғыз қоқыс полигоны тағы да отқа оранды. Қазіргі кезде өрт сөндірушілер мен мердігер компания жұмысшылары сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Бүгін сағат 15:50-де қалалық қоқыс полигонының өртенгені туралы ақпарат түсті. Өрт сөндіру қызметінен 8 адам мен 2 техника жіберілді. Сонымен бірге серіктестіктің 12 жұмысшысы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Қазіргі кезде сөндіру жұмысы жалғасып жатыр. Шамамен аумағы 500 шаршы метр болады», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 16 шілде күні Ақтөбеде қоқыс полигоны өртеніп, қаланы көк түтін басқан еді. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінен 23 адам және 7 техника жіберілген болатын.


Соңғы жаңалықтар