+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ақтөбеде қоқыс полигоны өртеніп, ауаға азот диоксиді тарады

2021 жылғы 26 қазан 15:10
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде қоқыс полигоны өртеніп, ауаға азот диоксиді тарады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Екі күн бойы Ақтөбе қаласын қоқыс полигонынан шыққан түтін басып, экологтар ауаға азот диоксидінің көтерілгенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілдшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда емханадан өрт шығып 45 адам эвакуацияланды Алматыдағы экопостар қалай жұмыс істеп жатыр Алматы облысында браконьерлер мемлекетке 9 млн теңгеден аса залал келтірген

Ақтөбеде 24 қазан күні қоқыс полигоны өртеніп, ол 25 қазанда таңертең сөндірілген болатын. Аумағы 1200 шаршы метрді құрады. Салдарынан қала ішін түтін басып, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті сақтауға және аса қажет болмаса далаға шықпауға шақырған еді.

Экологтар ауаның ластануын тексерді.

«24 қазан күні хабарлама келді. 24-25 қазанда инспекторлар қоқыс полигонына барып, жұмыс істеді. Көмірсуректің көтерілгені анықталмады. Дегенмен сол аумақта азот диоксиді көтерілген. Ал Ақтөбе қаласына көмірсутек пен азот диоксидінің таралуы тіркелген жоқ», - деді Ақтөбе облысы бойынша бас экология инспекторы Талап Уснадин.

Айта кетейік, мораторийге байланысты кәсіпорынды тексеруге мүмкіндік жоқ. Себебі тұрғындардан ешқандай арыз-шағым түспеген.

«Облыстық Экология департаментіне арыз түспеген соң, біз дәл қазір тексеру жұмыстарын жүргізе алмаймыз. Бірақ облыстық ТЖД-нің тексеру жұмыстарының нәтижесін күтіп отырмыз. Олардың қорытындысы шыққан соң қандай шешім қабылдайтынымыз белгілі болады. Заң бойынша олар ауаны ластағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады», - деді Талап Уснадин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT