Ақтөбеде қоқыс өңдейтін зауыт салу жобасы қаралды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде тұрмыстық қатты қалдықтан газ, электр энергиясы мен тыңайтқыш өндіретін зауыт салу жобасы қаралды. Өңір басшысы Оңдасын Оразалин инвесторлармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімдігінде өңір басшысы Оңдасын Оразалин WABIO Technologie GmbH компаниясының атқарушы директоры Рафаэль Флитцпен және Braun Industrial Trading GmbH команиясының бас атқарушы директоры Ёсиф Браунмен кездесті. Кездесу барысында шетелдік кәсіпорындардың басшылары Ақтөбеде салынатын қалдықтарды қайта өңдеу зауытының жобасын ұсынды. Жоғары экологиялық стандарттарға сай келетін зауыт өнеркәсіптік, коммуналдық және тұрмыстық қалдықтардан электр энергиясын, газ бен ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыш шығаруға мүмкіндік береді.

«Тараптар қызығушылық танытып, жобаны жүзеге асыратын және әрі қарайғы жоспарлар жайында келісті. Облыс әкімі жоғары технологиялық өндірістің Ақтөбенің экологиялық жағдайын жақсартуда маңызы зор болатынын атап өтті. Зауыт мемлекеттік-жеке серіктестік аясында салынады. Жалпы Braun Industrial Trading GmbH (Германия) компаниясының дәстүрлі және баламалы энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруда 30 жылдық тәжірибесі бар. WABIO® (Германия) компаниясымен серіктестікте Қытай және Еуропалық кеңес, Азия елдерінде тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар жобаланып, салынған болатын. Олардың құрамына органикалық қалдықтарды қайта өңдейтін биогазды электр стансалары кіреді»,- деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар