Ақтөбеде көктайғақ салдарынан 60 көлік халықаралық күре жолды жауып тастады
2017 жылғы 29 наурыз 18:09

Ақтөбеде көктайғақ салдарынан 60 көлік халықаралық күре жолды жауып тастады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Самара-Шымкент» күре жолының Өлке-Ақжар ауылы аралығында жол жабылды. Көктайғақ кесірінен өрге шыға алмай қалған жүк көліктері кептеліске себепкер болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде ауа райы күрт өзгерді. Бүгін өңірде қар аралас жаңбыр жауып тұр. Ал «Самара-Шымкент» халықаралық тасжолының Хромтау-Бадамша тасжолы жабылды. Қазіргі уақытта Өлке-Ақжар ауылында 60 көлік тұрып қалды.

«Бүгін жол көктайғақ болып, жүк көліктері өрге қарай көтеріле алмай қалған. Салдарынан кептеліс болды. Жүк көліктері жүре алмай қалған соң жеңіл машиналар да әрі-бері өтпей, бір жерде тоқтап тұр. Қазіргі күні «ҚазАвтоЖол» мекемесінің жұмысшылары оқиға орнына жетті. Олар тұз, құм төсеп, жағдайды реттейді»,- деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Динара Атраубаева.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ақжар ауылы мен Хромтау, Ақтөбе қаласынан шыққан арнайы құтқарушылар көлік қозғалысын реттеу жұмысын жүргізіп жатыр.

Jańalyqtar

MURAǴAT