Ақтөбеде қоғамдық көлік жолақысы қымбаттайды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жолақы 55 теңгеден 80 теңгеге қымбаттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының жолаушылар тасымалымен айналысатын екі компания жолақыны 200-212 теңгеге қымбаттатуды сұраған болатын. Бүгін депутаттар жолақы құнын 80 теңге етіп бекітті.

"Ақтөбе қалалық мәслихаты жолақы бағасын бекітті. Қыркүйек айынан бастап жолақы 80 теңге болады. Сонымен қатар, жасына байланысты зейнетке шыққан адамдарға, Чернобыль және ауған соғысы ардагерлеріне 60 теңге болады. Балаларға 40 теңге. Келісім бойынша І топ мүгедектеріне, ҰОС ардагерлеріне, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер мен тыл ардагерлеріне - тегін", - деді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Руслан Төреғали.

Айта кетейік, жолақыны 200 теңгеге көтеру туралы қоғамдық тыңдау болған кезде халық өз пікірін білдіріп, қарсы шықты. Бір айдан соң шешім қабылданды. Жергілікті билік жаңа тарифтің дәл қай күні қолданысқа енгізілетінін нақтыламады.

Соңғы жаңалықтар