Ақтөбеде қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы Орталық базар маңында қайғылы оқиға тіркелді. Қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Ш.Уәлиханов пен Жанқожа батыр көшелерінің қиылысында қайғылы оқиға тіркелді. Жүргіншілер жолынан өтпек болған әйелді қоғамдық көлік қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға сағат 11:00-де болған.

«Мен базар маңына жарнамалық газет таратуға келдім. Газетті таратып тұрған кезде тарс еткен қатты дыбыс шығып, кейін бір әйелдің жатқанын көрдік. Ол бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда жүгіріп кетті. Жанында тағы бір әйел болып, ол туыстарын шақырып алды», - деді куәгер.

Айта кетейік, №20 бағыттағы автобус қазір оқиғаға орнында тұр. Полиция қызметкерлері жолды жауып, тергеуді бастады. 

null

Соңғы жаңалықтар