Ақтөбеде қоғамдық бірлестік төрағасы алаяққа алданды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мүгедектердің қоғамдық бірлестік төрағасы алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті ақтөбеліктерді аса сақ болуға және алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.

Қаланың 50 жастағы тұрғыны мүгедектерге арналған әлеуметтік көмекті рәсімдеуге жәрдемдесемін деп өтірік айтқан.

Ал қоғамдық бірлестік төрағасы оған сеніп, қалтасындағы 200 мың теңгесін ұстатып жіберген.

«Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Айта кетейік, күдіктінің кінәсі дәлелденсе оның мүлкі тәркіленіп, 1 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар