+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Ақтөбеде қоғамдық бақылау тобы карантинде жұмыс істеген ойын клубын әшкереледі

2020 жылғы 16 қазан 22:21
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде қоғамдық бақылау тобы карантинде жұмыс істеген ойын клубын әшкереледі

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде ойын клубтары жұмыс істеп тұр. Олардың заңсыз әрекетін қоғамдық бақылау тобы анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде мониторинг тобы жұмысты күшейтті. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысын бұзғандарға 86 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Соның ішінде бір аптада 28 ереже бұзылып, 5 миллион теңге айыппұл төледі. Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігні бақылау департаменті басшысының орынбасары Айсәуле Оралбаеваның айтуынша, 166 адам бетперде тақпаған. Ал 30-ға жуық дәмхана, мейрамхана отбасылық мерейтой мен той өткізгені үшін 8 миллион теңге төледі. Қазіргі кезде қоғамдық бақылау тобы заңсыз жұмыс істеген ойын клубының жұмысын әшкереледі.

«Лотоклуб» ойын клубы жұмыс істеп тұр. Мұнда санитария талабы сақталмаған. Адамдар арасында арақашықтық сақталмады, еденге арнайы жолақ сызылмаған. Әрі облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігні бақылау департаменті осы салаға жұмыс істеуге рұқсат берген жоқ. Талап сақталмаса, ауру өрши түсетінін ескеруміз тиіс. Кейде бір кәсіпкерлік субьектісіне ескерту береміз, еш өзгеріс болмайды. Кейін жаза күшейе беретінін ұғынуы тиіс», - деді Қоғамдық бақылаудың Ақтөбе облысы бойынша үйлестірушісі Бақыт Жаншаева.

Бұл оқиғаға байланысты Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігні бақылау департаменті түсінік берді.

«Ойын автоматтары бар ойын клубтары компьютер орталықтарына жатады. Сондықтан олардың жұмыс істеуіне рұқсат жоқ», - деді Айсәуле Оралбаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT