Ақтөбеде қоғамдық автобус дүкенге соғылды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде қоғамдық көлік бағытын өзгертіп, дүкенге барып соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін таңертең Ақтөбе қаласындағы Шернияз және Уәлиханов көшелерінің қиылынсында жол-көлік оқиғасы болды. №7 бағыттағы автобус алдымен қоршауға соғылып, кейін дүкенге соғылған.

«Автобус салонында жолаушылар болған жоқ. Ешкім зардап шекпеді. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Жүргізушінің айтуынша, тежегіш істен шыққан», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, автобус соққан дүкенде балалар киімі сатылады. Оның терезесі қирады. Ал жанындағы ұялы телефон жөндеу орнының қасбеті бүлінді.


Соңғы жаңалықтар