Ақтөбеде кітапханашылар оқырмандарын Амал мерекесімен құттықтады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі Сақтаған Бәйішев атындағы әмбебап ғылыми кітапхана ұжымы бүгін оқырмандарын Амал мерекесімен (Көрісу) құттықтап, дастархан жайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бүгін Ақтөбедегі мәдени-білім ордаларында Амал мерекесі аталып өтті. Сақтаған Бәйішев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «Қош келдің, Наурыз» атты шара ұйымдастырылды. Ұжым дастархан жайып, оқырмандарымен көрісті.

«Күн мен түн теңелген шақта біз жастарға, оқырмандарға үлгі болу үшін Амал мерекесін атап өттік. «Жасың құтты болсын!» деп айтамыз. Яғни, жаңа жыл келіп, адамдар бір-бірімен қауышып жатыр. Кешірім айы, татулыққа үндейтін мереке. Бұл еліміздің Батыс өңірінде кең тараған», - деді кітапхананың бөлім меңгерушісі Құралай Райымбаева.

14 наурыз күні Амал мерекесі аталып өтіледі. Бұл күні ата-бабамыз таңертең ерте тұрып, бар әдемі киімдерін киіп, ет асып, көже пісірген. Наурыз тілек айталды.
null 

«Жастар жарапазан айтып, жеңгелерінен әртүрлі сыйлық алып отырған. Бұл күні қар ұшқындаса, ұлтымыз Наурызша деп атаған. Мұны нұр жауды, биылғы жыл құтты жыл болады деп ырымдады. Көрісу күні Наурыз бәйшешек бүр жарған. Бұл Қызыл кітапқа енген өсімдік. Наурыз күндері жылы жақтан ұшып келген құстар Наурыз шешек деп аталған»,- деді кітапхана директоры Несібе Жұмағұл.

Оқырмандарына Наурыз мерекесінің тарихы мен салт-дәстүрі туралы мағлұмат берген кітапхана ұжымы алдағы он күнде мерекелік шаралар ұйымдастырады. Кітап көрмесін өткізіліп, тарихшылармен кездесу өткізеді.

Соңғы жаңалықтар