Ақтөбеде киік мүйізін саудалап жүргендер ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде киік мүйізін сатып алып, сатып жүргендер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті киік мүйіздерін сату, сатып алумен айналысқан адамдарды әшкереледі. Сонымен қатар Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында киік мүйізн заңсыз сақтағандар анықталды.

«Әйтеке би ауданындағы ауылдық округтердің бірінің тұрғыны жазғы қонысында 20 киік мүйізін, 2 аңшы мылтығы мен оқ-дәрі сақтағаны анықталып, тәркіленді», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бабы бойынша сот алды тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер өз кінәларын мойындады.

Соңғы жаңалықтар