+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Ақтөбеде киік атқан браконьер ұсталды

2020 жылғы 13 ақпан 18:53
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде киік атқан браконьер  ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде киік атып, мүйізін кесіп алған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шекарашылар браконьерлерді ұстады: Мемлекетке келген шығын 20 млн теңгеден асады Қостанай облысында ақбөкен атып, мүйізін сатпақ болғандар ұсталды БҚО-да 1,2 тонна балық алып келе жатқан жүргізуші ұсталды

Ақтөбе облыстық полиция департаменті 7 ақпан күні Әйтеке би ауданының Ұлғайсын ауылы маңында қарда жүретін көліктен екі киіктің тұтас етін тапты. Олардың мүйізін кесіп алған.

«Жедел іздестіру жұмысы кезінде қарда жүретін көлік иесі анықталды. Ол Әйтеке би ауданының тұрғынына көлігін сатып жіберген. Ал қарда жүретін көлікті сатып алған адам танысына уақытша берген. Полиция қызметкерлері барлық байланысты анықтап, 27 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Ол жылқы бағып жүрген кезде екі киік атып алғанын жасырмады. Кейін ен даладағы қыстаққа қаруын тығып кеткен. Ал қарда жүретін көлігі бұзылған.

Қазір осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 337 бабымен тергеу жүріп жатыр. Киік еті мен мүйізі заттай айғақ ретінде тәркіленді. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, елімізде браконьерлерге қатысты заң күшейтілген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT