Ақтөбеде кезекте тұрғандарға жер беру жұмысы тоқтатылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласы бойынша 145 мың адам жер кезегінде тұр. Инженерлік желі тарту жұмысына 105 миллиард теңге керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы 5 жылда жеке тұрғын үй құрылысына 22 638 жер телімі берілді. Оның ішінде 19 461 жер учаскесіне инженерлік желі тартылмаған. Бүгінгі күні осы жерге инженерлік желі тарту үшін 15 миллиард теңге қажет. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға тіркелген азаматтар саны 145 мың адамға жетті. Қазіргі таңда бұл азаматтардың барлығына жер учаскелерін беру мүмкін емес. Себебі, қазіргі қаланың аумағы 29700 га құраса, кезекте тұрғандарға жер берілген жағдайда шамамен қосымша 20700 га астам жер учаскесін қажет етеді. Бұл - екінші Ақтөбе қаласын салумен бірдей. Сондай-ақ, тек қана инженерлік желілер құрылысының құны - 105 млрд теңге болып отыр», - деді Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин.

Жергілікті әкімдік жер беру жұмысын уақытша тоқтатқан. Тек берілген жерді пайдаланбағандардан қайтарып алып, қайта беріп жатыр. Әкімдік Нұр-Ақтөбе, Батыс-3, Мәскеу аудандарында көпқабатты үйлер салып, оны кезекте тұрғандарға балама нұсқа ретінде жеңілдетілген шартпен сатуды ұсынды. Аталған аудандарда 238 мыңнан астам адам тұра алады.


Соңғы жаңалықтар