Ақтөбеде кезекте тұрған адамдар алған 19 мың жер теліміне инженерлік желі мүлде тартылмаған

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында 145 мыңнан астам адам жер телімі кезігінде тұр. Он сотық жер алғандар инженерлік желілерді күтіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин бүгін қалалық мәслихат депутаттарының алдында есеп берді.

«Жеке тұрғын үй құрылысына 22 500 жер телімі берілген. Тек 3500 жер теліміне газ, су, жарық сияқты инженерлік желі тартылды. Ал өзге 19 мың тұрғын жер алды, инфрақұрылымы жоқ», - деді қала басшысы Мавр Абдуллин.

Айта кетейік, биыл бар болғаны 116 жер учаскесі ғана берілген. 2019 жылдың наурызында 18 мың жер учаскесін беру үшін жобалық-сметалық құжат дайындауға шешім шығарылған. Бірақ бұл мәселе ашық күйінде қалды. Себебі бұған дейін жер алғандар да үй сала алмай отыр.

«Қазір жер беру уақытша тоқтатылды. Осы уақытқа дейін берілген жер телімдерін тексереміз. Пайдаланбағандарын кері қайтарып, кезекте тұрғандарына қайта береміз. Барлығы 145 мың адамға жер телімін беру үшін 105 миллиард теңге қажет болады. Мұндай ақша бюджетте жоқ», - деді Мавр Абдуллин.

Соңғы жаңалықтар