+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтөбеде кезексіз медициналық тексеру жүйесі жолға қойылады

2020 жылғы 3 шілде 23:15
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде кезексіз медициналық тексеру жүйесі жолға қойылады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиев ақтөбеліктерге кезексіз медициналық тексеру жүйесі жолға қоюға уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асхат Аймағамбетов ұстаздарға жеке-жеке хат жолдады Қазақстанда коронавирус жұқтырған  25 182  адам ем алып жатыр - ҚР ДСМ Өткен тәулікте пневмониямен ауырғандар - 1011, 15  адам қайтыс болды

Ақтөбеде пневмония жағдайының өсуіне байланысты емханаларда жоспарлы қабылдау мен медициналық тексерулерді тоқтату туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты абитуриенттер медициналық тексерістен өте алмайды. Әсіресе А.Жұбанов атындағы университеттің жанындағы емханада ұзын-сонар кезек пайда болған.

Әсет Қалиев мәселені ретке келтіріп, медициналық тексерістер бойынша жұмысты қалпына келтіруге уәде берді.

«Жоспарлы қабылдау шараларын тоқтаттық. Алайда медициналық тексерулер бойынша проблеманы назарға алдық. Біз кезексіз медициналық тексерулерді қалай ұйымдастыратынымызды шешеміз. Медициналық тексеру орындары туралы алда қосымша хабарлаймыз», - деді Әсет Қалиев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT