Ақтөбеде кезекші сыныптарға қойылған талап өзгерді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде кезекші сыныптарға қойылған талап өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша 1312 кезекші топ бар. Онда 17 мыңнан астам бала білім алып жүр. Өңірдегі 219 мектепте дәстүрлі форматта білім беру үрдісі сақталды.

«Бастауыш сынып оқушылары үшін бір топқа бір ғана мүғалім ережесі бекітілген болатын. Санитария талабының өзгеруіне байланысты орыс тілі, ағылшын тілі секілді өзге де пәндердің мұғалімдері сабақ беруін бастайды. Сабақ 3 күн болған, енді 5 күндік режим сақталады. Бір айта кететін жайт, ата-ана өтініші бойынша 1-сынып оқушысы екіге бөлінеді. Бірі түске дейін, бірі түстен кейін білім алады. Дене шынықтыру, көркем еңбек және музыка секілді қосымша пәндер қашықтан жүргізіледі. Барлығы қауіпсіздік үшін қолға алынған шара», - деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменова.

Айта кетейік, үш ауысымды мектептерде үш ауысым сақталады. Мұнда бастауыш сыныптарға арналған орыс тілі, ағылшын тілі, көркем еңбек, дене шынықтыру, музыка пәндері қашықтан өтеді. Ақтөбе қаласындағы 6 мектепте күрделі жөндеу жұмысы әлі аяқталған жоқ. Сондықтан ол жерде кезекші сыныптар қазан айында ашылады.

«Түсіндіру жұмысы жан-жақты жүргізілді. Енді үй тапсырмасы берілмейді. Яғни, бала үйде отырғандықтан оқу тапсырмасымен ауыстырылды», - деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменова.


Соңғы жаңалықтар