Ақтөбеде кепілге алынған стоматология әкімшісін құтқару кезінде тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілмеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде құқық қорғаушылар арнайы операция кезінде 6 қабатты үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірмеген. Тіпті, жоғары қабатта тұратын адамдар естімеген, көрмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше түнде 24 жастағы Абылай Тілеуов «Жемчуг+» стоматологиялық клиникасының әкімшісін кепілге алып, әйелін әкелуді талап еткен болатын. Полиция қызметкерлері мен прокурорлар 5 сағат келіссөз жүргізіп, А.Тілеуовті райынан қайтара алмаған соң арнайы операция жүргізген. Ол оқиға орнында көз жұмды.

«Оқиға кеше кешкі сағат 7-де болған сияқты. Алғашында сирена дауысы қатты шықты. Ал полиция қызметкерлері келген соң тек жарығы жанып тұрды. Содан соң ешқандай дыбыс естілмеді. Әрине, қорқынышты. Біз түні бойы көз ілген жоқпыз. Әрі жас баланы аяп тұрмыз. Оның бар өмірі алда еді»,- деді тұрғын Вера Песрянь.

Ал стоматологиялық клиникамен көрші орналасқан «Олимп» диагностикалық зертханасының қызметкерлері кешке бір қыздың жүгіріп шығып, «полиция шақырыңдар» дегенін естіген. Сол кезде Әкімшілік полиция басқармасындағы құқық қорғаушылар тез жеткен. Айта кетейік, арнайы операция кезінде 6 қабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілмеген. Сол кезде үйінде болған тұрғындар оқиғаның мән-жайын тек бүгін таңертең бір білген.

Облыстық ішкі істер департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, Абылай Тілеуов пышақ жарақатын салған бұрынғы әйелінің 47 жастағы анасы  медициналық көмек алмаған. Ол жедел жәрдем шақырмаған, ешқандай ауруханаға түспеген.

Еске салсақ, наурыздың 14-нен 15-не қараған түні Ақтөбеде кепілге алған стоматология әкімшісін құтқару операциясы жүрді. Оқиға орнында 24 жастағы қылмыскердің көзі жойылды. 

Соңғы жаңалықтар