Ақтөбеде Кеңес әскері жерленген Бауырластар зиратының темір қоршауы ұрланды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 290 Кеңес әскері жерленген Бауырластар зиратының темір қоршауын кімнің ұрлап кеткені әлі белгісіз. Полиция металл қабылдау орындарын тексеруге шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбенің «Сүт зауыты» ауданы маңындағы қоршаулы зиратта тағы да темір қоршау ұрланды. Бұл жолы жүздеген әскер жерленген жердің темір қоршауы түгел қолды болды.null

«Сүт зауыты» аумағында орналасқан Бауырластар зиратынан темір қоршаулардың ұрлану дерегіне қатысты Қылмыстық Кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша соталды тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілерді анықтау бойынша жедел іс-шаралар қолға алынды. Металл қабылдау орындары тексеріліп жатыр», - деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі. null null

Айта кетейік, мұнда 290 Кеңес әскері жерленген. 2012 жылы белгісіз біреулер зираттағы гранит тасты белгіні сындырып кеткен болатын.

Ескерткіш мемлекет қорғауына алынғанымен жиі бүлінеді.

null

Соңғы жаңалықтар