Ақтөбеде «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы бой көтерді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы бой көтерді. Биіктігі 30 метр болатын ескерткішті құрылысшылар салып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақ жанынан «Қазақстан халқына мың алғыс» стелласы бой көтерді. Қазақстан халқының бірлігін, татулығын білдіретін ескерткіштің биіктігі 30 метр, композициясы 5 бөліктен тұрады. Стеллада Қазақстанның картасы бейнеленген. Бұл - ел шекарасын айқындап, ландшафты мен облыстардың орналасуын, Астана қаласы туралы ақпарат беретін бөлігі.

null 

Одан жоғары 7 кезеңге бөлінген арнайы тақта бар. Онда Ежелгі Қазақтан (б.з.д VII-б.з VII ғ.ғ), Орта ғасырдағы Қазақстан (VII-XVIII ғ.ғ), Қазақ хандығы тұсындағы Қазақстан (1465-1860 жж.), Ресей империясы құрамындағы Қазақстан ( 1860-1917 жж.), соғысқа дейінгі жылдардағы Қазақстан (1917-1941 жж.), соғыстан кейіңгі жылдардағы Қазақстан (1941-1990 жж.) және Егеменді Қазақстан (1991 ж.) туралы көрініс беретін суреттер тасқа түсірілген.

null 

Стелланың ұшар басында қанатын кеңге жайған қыран құсы орналасқан.  Киіз үй, шаңырақ та бейнеленген.

null 

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алған күннен бастап ұлттар арасындағы достық, татулық, тұрақтылыққа назар аударды. Тәуелсіздік алған 26 жыл ішінде Қазақстан дүниежүзіне өз орны бар екенін дәлелдеді. Халықаралық ұйымдардың барлығы Қазақстанды мойындады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы, ішкі саясатты қатар алып жүруі, еліміздің мәртебесін арттыра түсті. Қазір Қазақстанның ең үлкен жетістігі - ұлттар арасындағы татулықты, бірлікті сақтауы. Қанымызға сіңген қасиет бар. Біз - бауырмалмыз. Ашаршылық, соғыс кезінде Қазақстан миллиондаған адамдарды туғанындай қарсы алды»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

null 

Өңір басшысы бұл ескерткіш жастарға үлгі-өнеге беретін орынға айналатынына сенім білдірді. Әрі қазақ халқын сақтап қалу үшін салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты ұстану парыз екенін жеткізді.

null 

Жаңа нысанды ақтөбелік «Ақтөбе сәулет», «Солерес» компаниялары қаржы бөліп, салып берді. Стелланың ашылуына қатысқан өзге ұлт өкілдері де халық бас қосатын, мәдени, рухани шаралардың ұйытқысы болар орынның құрылысына ризашылықтарын білдірді.

null  

«Өңірде өнер орталығы, шығармашылық орталығы, білім, денсаулық сақтау орталықтары ашылып жатыр. Бәрі көз қуантады. Халық пен билік - бір, бірігіп жұмыс істеп жатыр. Бізді сол қуантады. Қазақ халқы қонақжай, көршісін сыйлайды. Ел ертеңі үшін татулықты, ынтымақты таңдады. Сондықтан болар, Қазақстанда тұратын әр өзге ұлт өкілі қазақ халқына үнемі алғысын білдіріп келеді. Татулығымыз, бірлігіміз жасай берсін»,- деді Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Сергей Вишняк.

null null null null null 

 

Соңғы жаңалықтар