Ақтөбеде кәсіпкерлерге арналған бизнес-инкубатор іске қосылды
«Ақтөбе» ӘКК өкілдері бизнес-инкубаторды ашудағы мақсат өңірдің шағын және орта бизнес саласына қолдау көрсету екендігін айтты. Жаңа орталықта жалға берілетін орындарға жеңілдіктер жасалған. Онда кәсіпкерлер шаршы метр жер үшін 600 теңге төлейді. Ал Ақтөбеде ортажа жалға алу құны 1500 теңгеден жоғары.
Бизнес-инкубаторға тәжірибелі және ісін енді бастаған кәсіпкерлер де көше алады. Ол үшін өтінішті «Ақтөбе» ӘКК-на немесе «А-Полиграфияға» беру керек.
«Мен жиһаз ағаштарын шығарумен айналысамын. Меніңше, қала орталығында шаршы метріне 600 теңге төлеу өте тиімді. Мен осы істі ұйымдастырушылар мен ғимаратты жалға беріп отырған азаматқа алғысым шексіз»,-деді орталықты алғаш жалға алушылардың бірі, кәсіпкер Нұрлан Көшеров.
«Кәсіпкерлер палатасы бизнес-инкубатор өкілдеріне бизнесті жүргізуге қажетті консультациялар көрсетеді»,-деді палатаның өңірлік филиалының директоры Нұрлыбек Мұқанов.
Меморандум талаптары бойынша, бизнес-инкубаторда орынды жалға алу құны 2020 жылға дейін тұрақты болуы керек.