Ақтөбеде кәсіпкерлердің дүние-мүлкі бүлінген жоқ

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ешкімнің дүние-мүлкі бүлінген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде дүкен, сауда орындары мен ойын-сауық орталықтары, мейрамханаларға вандализм жасалмады. Шағын және орта бизнестің мүлкі бүлінбеді, тоналмады. Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, форс-мажорға байланысты 10 кәсіпкерден өтініш түскен. Олар интернет желісі болмаған соң төлем жасай алмай отыр.

«Қазір облыстық кәсіпкерлер палатасы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Кәсіпкерлер 1432 Cаll орталығына байланыса алады. Сонымен бірге +7(7132)744-607, 87017848582, 87025678011, 87017533093, +77777601142, +77024017668 нөмірлеріне хабарласуға болады. Біз кәсіпкерлерге сақ болуды, көпшілік жиналатын салтанатты жиынды өткізбеуді ескерттік. Төтенше жағдайға байланысты 22:00-ден 06:00-ге дейін команданттық сағат орнатылды. Осы уақыт аралығында шектеу бар»,- деп хабарлады облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар