Ақтөбеде кәсіпкерлерден 19 өтініш түсті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – 5-9 қаңтар аралығында Call-орталықтарға кәсіпкерлерден 19 өтініш түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстың Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 өтініштің 9-ы форс-мажор жағдайына байланысты.

«1 сұрақ әлеуметтік тауар бағасының көтерілуіне қатысты болды. Тағы 1 сұрақ интернет болмай, кредит төлеуге қиналған кәсіпкерден түсті. 2 сұрақ – жұмыс уақытына байланысты. Себебі облыс әкімдігі ғимаратына жақын орналасқан жердегі бизнес нысандары жұмыс істемейді. Онда бәрі бақылауда тұр. Сонымен бірге жеке тұлғалардан да түрлі сұрақтар түсіп жатыр. Облыстық кәсіпкерлер палатасы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Call-орталық нөмірлері: 1432 және +7 (7132) 744-607, 87017845882, 87025678011, 87017533093, 87777601142, 87024017668», - деп хабарлады облыстық Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар