+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Ақтөбеде кәсіпкерді ұрған мемлекеттік қызметшілердің бастығы жазаланды

2019 жылғы 6 қараша 15:29
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде кәсіпкерді ұрған мемлекеттік қызметшілердің бастығы жазаланды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде Қобда аудандық мемлекеттік кірістер бөлімінің басшысы Бердібек Әмірғалиев қоластындағы қызметкерлерінің әдепсіз қылығы үшін жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан шығу себептері талданады Дариға Назарбаева мемлекеттік қызмет көрсету саласында тәртіп орнатуға шақырды Мемлекеттік орган ғимараттарында смартфонды пайдалануға рұқсат берілмек

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті ауыл кәсіпкерінің арызына байланысты тексеру жүргізіп, қорытындыны Әдеп кеңесіне өткізді. Тексеру қорытындысына сүйенсек, бұрынғы мемлекеттік қызметкер Тәттібек Әмірғалиев қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқан соң жауап бермеген. Ал Байменов осы жылдың 24 қыркүйегінде, яғни, оқиға болған күні жұмыстан қысқартылған. Кешкілік әріптесі Т.Әмірғалиев караоке-барға шақырғанын, ішімдік ішкенін, кейін жанындағы жолдасы есік алдына дәрет сындырғанын, караокеден әкімшісі шығып ұрыс болғанын айтып берді. Әрі оның әкімшіні бір рет ұрғанын да жасырмады. Сол күні олар тапсырысының 2200 теңгесін төлемей, басшылары Бердібек Әмірғалиевтің атынан келгенін қоса айтқан.

«Қобда аудандық мемлекеттік кірістер бөлімінде 9 адам жұмыс істесе, оның екеуі бұйрық бойынша қысқартылды. Дәл сол уақытта Т.Әмірғалиев пен Байменов жұмыстан шықты. Дегенмен Еңбек кодексіне сай олар арыз жазған күннің ертеңінен бастап жұмыстан шығарылған болып есептеледі. Яғни, оқиға болған кезде оны алдын ала жұмыстан шығарған болып шықты. Сонымен қатар тексеру кезінде аудандық мемлекеттік кірістер бөлімінде бір-біріне туыс үш Әмірғалиев жұмыс істегені анықталды», - деді Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің облыстық департаменттің бас маманы Ләззат Қосаева.

Өзгелерге сабақ болуы үшін Әдеп кеңесі облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында өтті. Әрі Қобда аудандық мемлекеттік кірістер бөлімінің басшысы қызметін атқарған Бердібек Әмірғалиев қызметін ауыстырған. Қазір ол облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде ұйымдастыру және қаржы жөніндегі басқарма жетекшісі.

«Олар қысқартылып, жұмыстан шығарылды. Ал туыстық жағына келер болсақ, біздің атамыз емес, бабамыз бір туған», - деді Бердібек Әмірғалиев.

Әдеп кеңесі мүшелерінің шешімімен бүгін Бердібек Әмірғалиевке қатаң сөгіс берілді.

Еске салсақ, осы жылдың 24 қыркүйегінен 25-не қараған түні екі мемлекеттік қызметкер кәсіпкерді ұрып, оқиға орнынан кетіп қалған болатын. Осы оқиғаға байланысты полиция Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабымен іс қозғап, соталды тергеу жүріп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT