USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Ақтөбеде кәсіпкерді бопсалаған күдікті ұсталды

2022 жылғы 15 қаңтар 07:31
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде кәсіпкерді бопсалаған күдікті ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде кәсіпкерден 2,5 миллион теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды. Қазір тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада «пысық» жасөспірім өзгенің көлігін сатып жіберген Жаппай тәртіпсіздік: Алматыда 170 велосипед ұрланды Алматы трагедиясы: Лаңкестер полиция департаментін басып алу үшін 27 рет шабуыл жасаған

Ақтөбе қаласының 37 жастағы кәсіпкері полициядан көмек сұрап, арыз жазды. Жәбірленушінің айтуынша, Ақтөбе қаласы Есет батыр көшесінде орналасқан жалдамалы пәтерде төрт адам зорлық-зомбылық көрсетіп, 400 000 теңге ақшасын алып кеткен.

«Одан кейін 2,5 млн теңгемен бопсалаған. Полиция қызметкерлерімен жедел іс-шаралар өткізу барысында күдіктілерді анықтап ұстады. Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің «Бопсалау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Аталған баптың санкциясында мүлкін тәркілеп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT