Ақтөбеде қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Q-net» компаниясына қатысты Қылмыстық кодекстің «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету» бабы бойынша тергеу жұмысын бастады. Бұл компанияға тіркелу үшін сағат, алқа, сақина және өзге де зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ шетелге тегін саяхат пен құны шамамен 2000 доллар болатын тұрмыстық тауарларды сатып алу қажет. Ал пайда табу үшін өзімен бірге тағы 2 адамды тіркеу міндеттеледі.

«Олар да өнімдерді сатып алуы қажет. Бұл жағдайда Компания аптасына 1000 доллар көлемінде пайда табуға уәде берген. «Q-net» компаниясы жаңа клиенттерді тарту мақсатында әлеуметтік желілерде, интернет-ресурстарда белсенді жарнама жүргіздіАдамдарды манипуляциялау және оларды ақша қаражаттарын салуға сендіру тәсілдерін үйрету үшін тәуелсіз өкілдермен үнемі тренингтер өткізген. Осыған байланысты Компанияның клиенттері тіркеу және ақша қаражатын салу үшін банктерден және басқа қаржы институттарынан 2000 АҚШ доллары көлемінде несие рәсімдейді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар