+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Ақтөбеде қаржы пирамидасына алданғандар іспен танысып жатыр

2021 жылғы 8 сәуір 12:10
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде қаржы пирамидасына алданғандар іспен танысып жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқарат – Ақтөбеде «Выгодный Депозит» ЖШС-нің қаржы пирамидасына алданып қалғандар іспен танысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда кәсіпкер 3 мың литрден астам алкоголь өнімін заңсыз сатпақ болған Мас жолаушының кесірінен Тараздан ұшқан ұшақ әуежайға қайта оралды Ақтөбеге қосымша 20 мың доза вакцина жеткізілді

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы «Выгодный Депозит» ЖШС-нің қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық істің тергеу жұмысын аяқтады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу сатысында тұр.

«Жәбірленушілерді қылмыстық іс материалдарымен танысу үшін шақырамыз. Іспен танысу 30 сәуірге дейінгі жалғасады. Ол үшін Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар көшесі, 271 «а» үйі, 416-кабинет мекенжайына хабарласуды сұраймыз. Байланыс телефоны: 936-416. Іс материалына сүйенсек, 2019 жылдың қараша айы мен 2020 жылдың ақпан айына кейін күдіктілер Ақтөбе, Атырау, Алматы жәнеАқтау қалаларының аумағында «Выгодный Депозит» ЖШС-нің қаржы пирамидасын ашып, тұрғындардың ақшасын заңсыз иемденген. Сонымен қатар бөліп төлеу арқылы автокөлік пен жылжымайтын мүлікті қабылдаған», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы, ІІІ-бөлігі 1,2-тармақтары, 262-бабының 1,2-бөліктері бойынша айып тағылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT