+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрып, адамдарды алдағандар сотталды

2021 жылғы 8 сәуір 21:15
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрып, адамдарды алдағандар сотталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрып, 3 мыңға жуық адамды алдаған топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футбол: «Ақтөбе» мен «Ордабасы» 4:4 есебімен тең түсті Ақтөбеде 460 мың адамға вакцина егу жоспарланып отыр Ақмола облысының бұрынғы бас дәрігері жемқорлыққа күдікпен ұсталды

№2 Ақтөбе қалалық сотында Қылмыстық кодекстің 217-бабы, 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қаралды. Іс материалына сүйенсек, 2016 жылдың мамыр айы мен 2017 жылдың тамыз айы аралығында Жақсыбаев пен Жұмабаев аса ірі көлемде ақша ұрлау мақсатында «UNNNITY corporation» атты қаржы пирамидасын ұйымдастырып, оған басшылық етті. Ал Казалиев, Молдакәрімов, Шарипова, Қаратаева, Абаканова, Рахманова, Мұқашева және Жамекова осы қылмысты жасауға көмектесті.

«UNNNITY corporation» ЖШС-нің барлық жұмысы азаматтардан ақша алуға бағытталып, олардың бір бөлігі пайыз төлеуге жұмсалды. Қалғанын ұйымдастырушылар мен олардың серіктестері иемденді.

Компанияның заңсыз қызметінен 2 840 жәбірленушіге жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге материалдық залал келтірілді. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтары, жалдау шарттары, сараптама қорытындылары арқылы дәлелденді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен К.А.Жақсыбаев 6 жыл 6 ай, Б.А.Жұмабаев 5 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Б.К. Казалиевқа, А.К.Шариповаға, А.М.Молдакәрімов, А.Т. Абаканова, Б.Ж.Мұқашева , А.М.Рахманова, Г.К. Қаратаева және Д.К. Жамекова 5 жылдан бас бостандығынан айырылды. Ал А.М.Рахманова және Г.К.Қаратаева бұрын қылмыстық жауапқа тартылмағаны, кәмелет жасқа толмаған балаларының бар екені ескеріліп, тағайындалған жаза 3 жылға кейінге қалдырылды. Азаматтық талап қою арыздары қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT