Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған Ресей азаматтары қамауға алынды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық полиция департаменті «Голд» компаниясына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаржы ұйымының басшылары, Ресей Федерациясының екі азаматы ҚР ҚК 217-бабында қарастырылған қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды және 2 ай мерзімге тергеу изоляторына қамалды. Компания кеңсесінде тінту шаралары өткізіліп, оның барысында құжаттама мен компьютерлік техника алынды. Полиция департаменті азаматтарды әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерлерінде тараған жалған мәліметтерге сенбеуге шақырады. Барлық мәселе бойынша Ақтөбе облысының полиция департаментіне, Ағайынды Жұбановтар көшесі 271/1 немесе 729-052, 936-420 телефондары бойынша хабарласуға болатынын хабарлайды», - облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған ұйым кеңсесіне тінту жүргізілген болатын.


Соңғы жаңалықтар