+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

2020 жылғы 29 ақпан 00:21
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе полициясы «Выгодный займ» серіктестігінің құрылтайшысы Ж. Есіркеповті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда екі әйел пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу басталғанын, кез келген адам арыз жазуға құқылы екенін хабарлады.

«Ж.Т. Есіркепов 22 ақпаннан бастап Қылмыстық кодекстің «Қаржы пирамидаларын құру және басқару» бабы бойынша күдікке ілігіп, мемлекетаралық іздестіруде болды. Іздеу жұмыстары нәтижелі, күдікті ұсталды. Қаржы пирамидасынан зардап шеккен азаматтар кез келген қалалық полиция бөліміне хабарласа алады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, Ақтөбеде ақпан айында бірнеше қаржылық ұйым әшкереленіп, басшыларына іздеу жарияланған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT