Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған кеңсенің мүлкі тәркіленді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған ұйым кеңсесіне тінту жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қылмыстық кодекстің 217-бабы, яғни, «Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару« бойынша қылмыстық істі тергеу шеңберінде ұйым кеңсесінде тінту жүргізілді. Құжаттама, компьютерлік техника тәркіленді. Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті тергеу амалдары жүргізуде. Барлық сұрақтар бойынша салымшылар Ақтөбе облыстық полиция департаментіне хабарласуға болады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар