Ақтөбеде қару ұстап бейнехабарлама таратқан ер адам қамауға алынды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе полициясы қару ұстап, хабарлама таратқан 33 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Қару-жарақты ұстаған ер адам «Whatsapp» мессенджері арқылы бейне үндеу жазған. Полиция қызметкерлері бұрын сотты болмаған 33 жастағы ақтөбелік азаматты дереу ұстады. Одан 16 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленді.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі, яғни, «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сақтау« бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды және тұрғындар үшін қауіп төндірмейді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар