Ақтөбеде каратеден Қазақстан чемпионаты өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында каратеден Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, біріншілік 28-30 қараша аралығында өтеді. Онда барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардан жиналған спортшылар бақ сынайды. Олардың қатарында құрама команданың үздіктері бар.

Чемпионат аяқталған соң, ұлттық құрама жаңартылып, болашағынан үміт күттіретін жастар команда қатарына алынады.

Еске сала кетейік, биылғы маусым қазақстандық каратешілер үшін жаман болған жоқ. Азия ойындарында Гузалия Гафурова чемпион атанса, әлем чемпионатында Дархан Асаділов қола жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ, премьер-лига кезеңдерінде Данияр Юлдашев күміс жүлде иеленді.

Соңғы жаңалықтар