Ақтөбеде карантин шектеулері жеңілдеді

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында карантин шектеуі жеңілдеді. Енді кейбір нысандарда «Ashyq» мобильді қосымшасын қолданбаса болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитария дәрігері ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулылары негізінде шешім шығарды.

Енді кәсіпкерлік объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану міндетті емес.

Сонымен бірге жұмыс уақытында шектеу болмайды.

«Білім беру ұйымдарында әлеуметтік арақашықтықты сақтау міндеттелмейді. Оқушылар мен мұғалімдер дене қызуын өлшемесе де болады. Дегенмен «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және дене қызуын өлшеу туралы түбегейлі шешімді мектеп әкімшілігі бекіте алады. Кей нысандарда әлі де маска тағу міндетті. Олар: қызмет көрсету және демалуға арналған үй-жайлар, қоғамдық көлік», - деп хабарлады облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар