+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Ақтөбеде карантин режимін жеңілдету тағы кейінге шегерілді

2020 жылғы 24 мамыр 23:37
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде карантин режимін жеңілдету тағы кейінге шегерілді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде осымен екінші апта карантин режимін жеңілдету кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Айжан Есмағамбетова: Өңірлік ведомствоаралық штаб елді мекенде карантиндік шараларды күшейте алады Шектеу: Түркияға қазақстандықтардан кімдер еркін кіре алады Қарағанды облысында карантиндік шаралар күшейтілуде

Ақтөбе облысында соңғы тәулікте тағы 18 адам індетке шалдыққан болатын. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева жергілікті арнада өткен тікелей эфир кезінде 25 мамыр күні карантин режимі жеңілдемейтінін хабарлады.
«Ақтөбе қаласында ауру өршіп тұр. Қазір өсім 7 пайыздан жоғары. Бұған дейін кейбір нысанды 25 мамырдан бастап ашуды жоспарласақ, көрсеткішке қарап кейінге шегеруге тура келді. Келесі аптада тағы да бақылаймыз. Қала тұрғындарына айтарымыз, үйден себепсіз шығуға болмайды. Кәсіпкерлер шыдамды болуы керек. Тәртіпті сақтаған жөн», - деді Нұрсұлу Беркімбаева.
Еске салсақ, өткен аптада Ақтөбеде балабақшалар жұмысы кейінге шегерілген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT