Ақтөбеде карантин кезінде құмар ойынға бәс тігуге рұқсат бергендер анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мобильді топ карантин талабын бұзғандарды анықтады. Бәс тігуге рұқсат берген адамдарға қатысты әкімшілік материал жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы мобильді топ құрамында полиция қызметкерлері, эпидемиологтар мен еріктілер, жергілікті атқарушы билік өкілдері бар. Әлеуметтік желіге монторинг жүргізу кезінде карантин ережесін бұзғандар анықталды. Ақтөбе қаласындағы 12 шағын ауданда көпқабатты үйлердің бірінде құмар ойынға бәс тігу тоқтамағаны туралы материал жарыққа шықты. Тексеру кезінде ақпарат расталды. Әкімшісін жауапқа тарту үшін материал жиналып, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.
«Ақтөбе қаласы бойынша 1200 нысан тексерілді. Барлығы 297-і карантин ережесін бұзды. Оның 57-і жеке, 240-ы заңды тұлға. Полиция санитария талабын сақтауға шақырады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар