Ақтөбеде карантин кезінде дүркіретіп той жасағандар анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында мониторинг тобы тағы да той жасағандарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде бір тәулікте өңірде тағы 416 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл кезекті антирекорд. Қазір облыстық инфекциялық аурухана мен стационарларда мыңнан астам адам ем қабылдап жатыр. Оның 700-ден астамы қалада. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, жансақтау бөліміндегі науқас саны 100-ден асып кеткен. Оның 13-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.

«Бүгін мониторинг топтарының рейді барысында 7 карантин режимін бұзу фактісі анықталды. «Золотой колос», «Асыл», «Ел мұра», «Жұлдыз», «Тұран» және «Хан орда» мейрамханаларында 80-100 адам жиналып, той және садақа өткізгені анықталды. Жергілікті полиция қызметкерлерімен салтанатты іс-шаралар тоқтатылып, таратылды. Карантин режимін бұзудың барлық дерегі бойынша материалдар уәкілетті органға жіберілді», - деп хабарлады қала әкімдігі жанындағы мониторинг тобы.

Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, мониторинг топтарынан және жергілікті полиция қызметінен түскен материалдарға сәйкес жыл басынан бері 66 миллион теңге көлемінде 593айыппұл салынды. Бүгінгі күні Үйлестіру орталықтарынан түскен шұғыл хабарлама негізінде жоспардан тыс 51тексеру жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар