Ақтөбеде қаңтар айында 55 адам көлік апатынан зардап шеккен

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 30-дан астам жол-көлік апаты болып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қыста жол қозғалысы қиындап, қауіп күшейеді. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов жүргізушілерді сақ болуға шақырып, жол ережесін сақтаудың мәнін түсіндірді.

«Өңірде жол апаты мен жазатайым оқиға кезінде қаза болған адамдар саны азаймай отыр. Біріншіден, жүргізушілер жол ережесін сақтамайды.

Екіншіден, көлік құралын мас күйінде басқарып, қозғалыс жылдамдығын арттырады. Қауіпсіздік белдігін пайдалану қағидаларын сақтамайды. Алда келе жатқан көлікті басып озбақ болсаңыз, міндетті түрде оның жол беретініне көз жеткізген жөн», - деп кеңес береді А.Арыстанов.

Жыл басынан бері облыста 36 жол-көлік оқиғасы болды. Онда 2 адам қаза тауып, 55 адам жарақат алды.


Соңғы жаңалықтар