+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Ақтөбеде қағаз түрінде көрсетілетін қызметтердің көлемі артты

2021 жылғы 25 ақпан 03:00
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде қағаз түрінде көрсетілетін қызметтердің көлемі артты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде өткен жылы қағаз түрінде көрсетілген қызмет түрі 8% артып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті электронды және қағаз түрінде көрсетілген қызмет түрінің пайыздық үлесін есептеп шығарды.

2020 жылы Ақтөбе қаласы мен аудандардың электронды түрде қызмет көрсету үлесі 66% құрады. Көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 17% төмен. Оның ішінде Әйтеке би, Ойыл, Қобда аудандарында белсенділік бәсеңдеген.

«Қағаз түрінде көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы 8% артқан. Оның ішінде Ойыл, Әйтеке би, Қобда аудандарында өсім байқалады. Еліміздегі пандемия кезінде ЭЦҚ немесе бір жолғы парольді пайдалана отырып, «Электрондық үкімет» веб-порталы, «E-gov mobile» және Telegram-bot» мобильдік қосымшалары арқылы мемлекеттік қызметтерді қашықтан рәсімдеуге мол мүмкіндік жасалды. Ақтөбе қаласы мен аудандардағы әлеуметтік-белсенді азаматтар санын ескерсек, ЭЦҚ-ны Ақтөбе қаласы (30%) мен Шалқар (14%) және Мәртөк (34%) аудандарында аз рәсімделгені анықталды. Бұл жергілікті атқарушы органдардың халық арасында электронды қызмет алудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндіру бөлігіндегі ақпараттық-танымдық жұмыстарының төмендігін көрсетеді»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT