Ақтөбеде ит талап өлтірген баланың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
2022 жылғы 17 тамыз 07:40

Ақтөбеде ит талап өлтірген баланың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 12 жастағы баланы ит талап өлтіргені сот-медициналық сараптама қорытындысымен дәлелденген. Полиция қайғылы оқиғада қылмыстық құрамның болмауына байланысты істі тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылы 9 маусым күні сағат 23:52-де «Есет батыр» тұрғын үй алабының үшінші ықшам ауданындағы құрылыс нысанында 2010 жылы туған баланың денесі табылды. Бала көп қан жоғалтқан, бас, дене, аяқ-қолы жарақаттанған. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде баланың өлімі иттердің талағанынан болғандығы анықталды. Қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды», - деді Ақтөбе облысы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов.

Еске салсақ, оқиға болған күні облыстық полиция департаменті кәмелет жасқа толмаған баланың көп қан жоғалту, бастың, дененің, қол мен аяқтың көптеген жарақаттары түріндегі зорлықпен өлу белгілері бар денесі табылғанын хабарлады. Кейін ит талап өлтірген оқушының ата-анасы, жақындары иттің иесін тауып, жазалауды сұрады. Ал, облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов баспасөз мәслихатында қараусыз ит пен мысықтың көзін жою бағытындағы жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ, жағдайдың қиын болып тұрғанын айтты. Ит саны көбеймесе, азаймаған. Ол осы жұмысты атқара алмадың десе, қызметінен кетуге әзір екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, биыл облыста ит аулау жұмыстарына 51 млн теңге бөлінген.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT