Ақтөбеде ірі сауда орындары бір ай бойы азық-түлік бағасын көтермейді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасы мен ірі супермаркеттер ортақ келісімге келді. Желтоқсан айы мен 15-қаңтар арасында әлеуметтік азық-түлік бағасы өспейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баға 1,5 ай бойы өзгермейді. Сонымен бірге Тұрақтандыру қоры бар. Бірнеше сауда желісі арқылы көкөніс сатуға шығарылды. Картоп, сәбіздің келісі 84, пияз 63, қырыққабаттың келісі 74 теңгеден сатылып жатыр. Жыл басынан бері 300-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Онда баға базар құнынан 15-20 пайызға төмен болды», - деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов.

Айта кетейік, барлығы 19 түрлі азық-түлік бағасы өспейді. Әр ірі сауда орнының кіреберісіне тізім ілініп, бағасы қатар көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар