Ақтөбеде ірі мұнай ұрлығына қатысты іс бойынша сот күні белгіленді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мұнай ұрлығы бойынша Қазақстан пен Беларусь азаматтарынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топтың үстінен қозғалған іс бойынша басты сот талқылауы белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына А. Қожағалиев, А.Көшкінбаев, Э.Өтениязов, С.Раев және Беларусь азаматы С.Кунцевичке қатысты қылмыстық іс түскен болатын.

Бүгін облыстық соттың баспасөз қызметі басты сот талқылауы 23 шілдеге белгіленгенін хабарлады.

«Мұнай ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты істің басты сот талқылауы 23 шілдеге бекітілді. Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы адвокаттар мен сотталушылардың өтініш хатын қараусыз қалдырды. Басты сот талқылауына дейін тараптар қылмыстық істің материалдарымен толық таныса алады»,- деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, 2016 жылы Ақтөбе облысында ҰҚК, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы, ІІМ заңсыз мұнай тасымалына қатысты арнайы операция ұйымдастырып, «Актобе нефтепереработка» ЖШС-де тінту жүргізді. Нәтижесінде күдіктілер қамауға алынды. Олардың арасында Беларусь азаматы С.Кунцевич те бар.

 

Соңғы жаңалықтар