Ақтөбеде ірі көлемде есірткі таратушы ұсталды

None
АҚТӨБЕ. Ақтөбе қаласындағы үйлердің бірінің ауласында синтетикалық есірткі таратумен айналысқан 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол полицейлерге 87 полиэтилен зип-пакеттерін берді, олардың ішінде ұнтақ зат болған. Одан әрі ұсталған адамның тұрғылықты жерін тінту барысында 17 полиэтилен зип-пакет табылып тәркіленді, оның ішінде түрлі-түсті ұнтақ зат болған және қаланың әр бөліктерінде синтетикалық есірткі салынған 25 белгі табылып, тәркіленді.

Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат «мефедрон» болып шықты, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 800 грамнан асты.

Есірткімен ұсталған күдіктінің мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады

Соңғы жаңалықтар