Ақтөбеде ірі қаржы пирамидаларына қатысты іс сотқа жіберілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Гарант 24 Ломбард», «Выгодный займ», «Estate Ломбард» және «Нұр-Али Капитал» ЖШС басшыларына қатысты іс сотқа түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Гарант 24 Ломбард» ЖШС, «Выгодный займ» ЖШС, «Estate Ломбард» ЖШС және «Нұр-Али Капитал» ЖШС басшыларына қатысты істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, көктемде жәбірленушілер іспен танысты .

Тергеу аяқталғанға дейін 17 мыңнан астам жәбірленуші өтініш жазды.

Оларға 30 миллиард теңгеден астам сома залал келген.

33 күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

6 күдіктіге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен бірге халықаралық іздеу жарияланды.

«Күдіктілердің мүлкіне (қылмыстық әрекетті жүзеге асыру кезеңінде сатып алған), сондай-ақ ломбардқа салынған мүлікке тыйым салу бойынша шаралар қабылданды. «Гарант 24 Ломбард», «ЕЅТАТЕ Ломбард» және «Выгодный займ» ЖШС қызметкерлері азаматтардың сеніміне кіріп, бірнеше тәсілді қолданды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды», - деп хабарлады Ақтөбе облысының прокуратурасы.


Соңғы жаңалықтар