Ақтөбеде инсультті 10 минутта анықтайтын жоба іске қосылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасында «Cerebra Al-lab» жобасы іске қосылды. Бұл инсультті 10 минутта анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, диагностиканы автоматтандыру бағдарламасы дерттің жедел анықтап, бірден емдеуге кірісуге мүмкіндік береді.

Небәрі 10 минутта диагноз қойылып, неврология ауруының алдын алуға болады.

Елордалық дәрігерлер невролог-инсультолог, радиологтарға арналған шеберлік сабағын өткізді.

«Алматы қаласынан Нейрохирургия орталығының жетекшісі Мыңжылқы Бердіходжаева, Нұр-Сұлтагэн қаласынан Қазақстандық нейрохирургия орталығы» ҚБ төрағасы Азат Шпеков келіп, 11 ота жасады. Жоғары технологиялы операцияға жергілікті нейрохирургтар қатысып, тәжірибе жинады» деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар