Ақтөбеде хор фестивалінде екі күн бойы Ахмет Жұбановтың шығармалары орындалады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Жұбановтар әуені - 2018» халықаралық хор музыкасының фестивалінде екі күн бойы Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың шығармалары орындалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның халық әртісі, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының хор жүргізу кафедрасының меңгерушісі Базарғали Жаманбаевтың айтуынша, мәдени шара

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында және жұртшылықты Қазақстанның, алыс және жақын шетелдердің осы заманғы хор музыкасы өнерімен таныстыру, хор музыкасының түрлі бағыттары мен ағымдарын танымал ету, хорды орындаушылық кәсіби дағдылары мен біліктеріне ие таланттарды анықтау, сондай-ақ, қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін салушы, академик Ахмет Жұбанов пен Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, композитор Ғазиза Жұбанованың шығармаларын насихаттау мақсатында өтуде.

Фестивальді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы өткізуде.

Қазылар алқасының құрамына Қазақстанның халық әртісі, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Базарғали Жаманбаев, ресейлік музыкант, дирижер, Ресей банкінің Академиялық хорын құрушы Борис Тараканов, А.Герцен атындағы Ресей Мемлекеттік Педагогикалық университетінің профессоры Сергей Екимов, дирижер, композитор, Даугавпилс театрының музыкалық директоры Евгений Устинсков және басқалары кіреді.

Фестивальге Қазақстан мен Ресейден 7 хор ұжымы қатысады. Олардың арасында «Петербургские серенады» Царскосельский камералық хоры, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «Камертон» хор ұжымы, Д.Нұрпейісова атындағы Халықтық музыка академиясы жанындағы музыкалық колледждің аралас хоры, «Оренбургский камерный хор» муниципальді автономиялық мекемесі, гуманитарлық колледждің «Япырай» аралас хоры, А.Шнитке атындағы облыстық филармонияның хор музыкасы театры, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның Қазақ камералық хоры бар.

Фестивальге қатысушылар екі күн бойына Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың шығармаларын орындайтын болады. 

Соңғы жаңалықтар